«Жасанды интеллект дәуірінде операциялық қызметтің маңызы: үдерістер, құндылық жасау тізбектері және бизнес» семинары
16.02.2026«AI-Sana» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және Zemex Inc. бірлесіп, Maqsut Narikbayev University базасында «Жасанды интеллект дәуірінде операциялық қызметтің маңызы: үдерістер, құндылық жасау тізбектері және бизнес» тақырыбында семинар өткізді.
Дәрісті YOO-taek lee — профессор, операциялық менеджмент саласындағы халықаралық сарапшы, J. W. K. Kim Woosong University (Корея Республикасы) болашақ зерттеулер колледжінің бірінші деканы оқыды.
Іс-шара 2026 жылғы 16 ақпанда Астана қаласында өтіп, Қазақстан университеттерінен 250-ден астам қатысушыны жинады. Олардың қатарында профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, цифрландыру бойынша басқарушы командаларының өкілдері, ЖИ бағыттарының басшылары мен технологиялық шешімдерді әзірлеуге ынталы студенттер жиналды.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- жасанды интеллектті енгізу кезіндегі негізгі функциялардың бірі ретінде операциялық менеджменттің рөлі;
- қосылған құн қалыптастыру нүктелерін айқындау тәсілдері;
- ЖИ-жобаларды іске асыру кезінде компаниялар мен стартаптардың жиі жіберетін қателіктері;
- салалық проблемаларды ауқымды AI-шешімдерге трансформациялау әдістері.
Семинар барысында аудитория талқылауға белсенді қатысып, қатысушылар баяндаманы үлкен қызығушылықпен тыңдап, мазмұнды сұрақтар қойып, білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара аяқталғаннан кейін профессор үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Yoo-Taek Lee университеттің инфрақұрылымының жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстандағы студенттер мен оқытушыларға арналған заманауи креативті кеңістіктерден ерекше әсер алғанын жеткізді.
Семинар кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналып, академиялық қауымдастықтың жасанды интеллектіні практикалық енгізуге және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға деген жоғары қызығушылығын растады