«Алдын ала кезеңде» негізгі AI білімі бар студенттер
AI-Sana дегеніміз не?
AI-Sana – AI-Sana — жасанды интеллект саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған бірегей акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған және ұлттық экономиканың әлеуетін ашуға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аударады. Ол тиімділігі дәлелденген, Stanford, MIT және басқа да әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында қолданылатын авторлық бағдарламалар негізінде үздік халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясында Қазақстанның технологиялық және экономикалық өсуінің қозғаушы күшіне айналуға тиіс DeepTech бағытындағы стартаптарды құруға ерекше мән берілген. Сонымен қатар, бағдарлама халықаралық сарапшыларға үнемі тәуелді болмай-ақ жаңа жобаларды әзірлей алатын отандық ғылыми әлеуетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл ел ішінде өз зерттеу мектебін дамытып, жасанды интеллектті қолдану арқылы жаңа салалық шешімдерді тұрақты түрде әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кезеңдер
Үш платформаның бірінде AI кіріспе курстары:
- Huawei
- Coursera
- Astana Hub
- Жасанды интеллектке кіріспе
- Кәсіпкерлік негіздері
- Трендтер мен кейстерге шолу
- Дизайн-ойлау
- Құрылымдау
- Бизнеске бағдарлану
- Салалық шешімдерді әзірлеу
- ЖИ жобаларын басқару
- DeepTech өнімдерін дамыту
- Нарыққа шығару
- Салалық кәсіпорындармен интеграция
- Масштабтау
AI-технологиялар саласындағы отандық және халықаралық білім беру бағдарламалары еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қоса алады. Үкіметке жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау үшін AISana бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бағдарлама стартаптарды оқытуды, зерттеуді және дамытуды біріктіретін динамикалық экожүйені қалыптастыруға ықпал етуі керек. Әлемнің жетекші университеттерін жеделдету тәжірибесін пайдалану қажет. Қазақстанның әрбір тұрғынына жасанды интеллекттің пайдасын жеткізу, оның не үшін қажет екенін және оның қалай дұрыс қолданылатынын түсіндіру қажет
Мүмкіндіктер
«AI-Sana» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар
Часто задаваемые вопросы
«AI-Sana» бағдарламасының негізгі мақсаты қандай?
Бағдарламаның негізгі мақсаты – бейіндік бағыттар бойынша білім алушыларға жасанды интеллект және AI-кәсіпкерлік саласында қосымша құзыреттер қалыптастыру. Аталған мақсат болашақ мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ жұмыс процестерін оңтайландыру және салалық өзекті міндеттерді шешу барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
«AI-Sana» бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары (студенттер, магистранттар, докторанттар), сондай-ақ 2026 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттар мен докторанттар;
- «AI-Sana» бағдарламасының I кезеңі шеңберінде немесе өзге де жасанды интеллект курстары бойынша базалық дайындықтан өту;
- ағылшын тілін базалық деңгейде меңгеру (ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат талап етілмейді).
* Бағдарламаның келесі кезеңдеріне қатысу үшін ағылшын тілінің базалық деңгейі қажет, себебі жасанды интеллект модельдерімен, кодпен (Python) және бейіндік материалдармен жұмыс ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Ағылшын тілінде ИИ жүйелерінің жауаптарының сапасы мен дәлдігі жоғары болады.
«AI-Sana» бағдарламасына қатысу қандай мүмкіндіктер береді?
- жетекші халықаралық сарапшылардың, оның ішінде Stanford және MIT университеттерінің өкілдерінің, сондай-ақ Кремний алқабының инвесторлары мен венчурлік қорлары өкілдерінің қатысуымен білім алу;
- теориялық білімді Google Colab платформасында Python тіліндегі практикалық жұмыс арқылы бекіту. Нейрондық желілер мен тілдік модельдердің жұмыс қағидаттарын меңгеру және оларды практикалық міндеттерді шешуде қолдану;
- венчурлік инвесторлар мен стартап негізін қалаушылардың қатысуымен кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту;
- энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, қаржы, білім беру және экономиканың өзге де басым секторлары бойынша нақты салалық кейстермен жұмыс;
- жасанды интеллект жобасы бойынша дайын бизнес-жоспар әзірлеу;
- ai халықаралық жасанды интеллект орталығының бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.
Қатысу үшін өтінімді беру тәртібі
«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне іріктеу 2026 жылғы 2–15 наурыз аралығында (23:59-ға дейін) жүзеге асырылады.
Тіркелу және тестілеуден өту:
- Platonus платформасын пайдаланатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін – PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы;
- Университеті Platonus платформасында жұмыс істемейтін тұлғалар үшін – https://aisanatesting.kz - сілтемесі арқылы.
Оқу мерзімі
«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңінің ұзақтығы – 2,5 ай.
Оқыту форматы
«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңі онлайн форматта өткізіледі.
Кері байланыс
Байланыс ақпараты
Изденова Айгүл Елеусізқызы – «Ғылым қоры» АҚ «AI-Sana» жобасының жетекшісі
Тел.: 8 (7172) 57-50-03
Email: [email protected]